Қазақстанның Бішкектегі СЭМ: $17,5 млн-ға 6 экспорттық келісімшарт

Қазақстанның Бішкектегі СЭМ: $17,5 млн-ға 6 экспорттық келісімшарт

Бішкек қаласындағы Қазақстан сауда-экономикалық миссиясы өз жұмысын аяқтады.

Оған тамақ өнеркәсібі, металлургия, логистика, машина жасау, фармацевтика, химия өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің 20 отандық компаниясы қатысты.

Қазақстан-Қырғыз бизнес-форумы, СЭМ және В2В келіссөздеріне Қырғызстанның 100-ден астам импорттаушы және өндіруші компаниялары қатысты.

Қазақстан Қырғызстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің үштігіне кіреді. Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2021 жылы $970,8 млн құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артық ($848,6 млн).

Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 2021 жылы 7,6%-ға өсіп, $625,2 млн құрады. Қырғызстанға экспорттың өсуі алтын, минералды және газдалған су, тас көмір, дәрілік заттар мен жеңіл автомобильдер сияқты тауарларды жеткізудің артуымен негізделеді. Сондай-ақ, негізгі экспорттық тауарлар тізбесінде табиғи газ, металл прокаты, Темекі бұйымдары, цемент, құрылыс материалдары бар.

Қазақстандық өңделген өнімнің Қырғызстанға экспортын арттыру әлеуеті $100 млн. астам құрайды, негізінен бұл азық-түлік, химия, машина жасау, фармацевтика, металлургия сияқты салалардың тауарлары.

«Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 247 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Негізінен, кәсіпорындар көтерме және бөлшек сауда, құрылыс, автомобиль сату, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салаларында жұмыс істейді. Қырғызстанда қаржы қызметі, тамақ өнімдерін өндіру, сауда, автомобильдерді жөндеу, көлік және байланыс, құрылыс сияқты салаларда қазақ капиталының қатысуымен 334 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Қырғызстанға тікелей қазақстандық инвестициялар көлемі 1 миллиард доллардан асты»,-деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы аясында сөйлеген сөзінде.

СЭМ алаңында қазақстандық және қырғызстандық Бизнестің келіссөздерінің қорытындысы ҚР-дан ҚР-ға тұз, ұн және макарон, сыра және алкогольсіз сусындар, кондитерлік өнімдер мен сүт өнімдерін жеткізуге 6 экспорттық келісімшарт жасасу болды. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы $17,5 млн құрады.

Қазақстандық бизнес ТЭМ жұмысы аяқталғаннан кейін де әлеуетті қырғыз серіктестерімен сауда келіссөздерін жалғастырады.

 

 

Қазақстанның Қырғызстандағы сауда-экономикалық миссиясына қатысқан компаниялардың тізімі

Компанияныі атауы

Өнім

1

 «ДЕП» ЖШС

Сүт және сүт өнімдерін өндіру

2

«Аралтуз» АҚ

Тұзды өндіру және өңдеу

3

«Free Mark» ЖШС

Жұмыртқа кеспесін өндіру

4

Алель Агро АҚ

Тауық етін өндіру, өңдеу және дистрибуциялау

5

KAZAGRO-PRO ЖШС

Өсімдік майы мен ет өндірушілер

6

KZ EXPORT ЖШС

Ауыл шаруашылығы шикізаты және дайын өнім саласындағы сауда

7

 «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС

Макарон және тез дайындалатын кеспе өндірісі

8

«IBT Group» ЖШС

Металл бөшкелер өндірісі

9

Маслодел ЖШС

Май-тоң май өнімдерін, сүт, қойылтылған сүт өндіру

10

Кондитерская фабрика Сауле ЖШС

Кондитерлік өнімдер өндірісі

11

Шин-Лайн

Балмұздақ өндірісі

12

Первый Пивзавод ЖШС

Алкогольсіз сусындар мен сыра өндірісі

13

«JFOOD KAZAKHSTAN» (Цесна Астык) ЖШС

Ұн және макарон өнімдерін өндіру

14

Dolce ЖШС

Фармацевтика, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі

15

LOGIZI Limited

Логистика саласындағы АТ компаниясы

16

Актюбрентген АҚ

Медициналық мақсаттағы рентген жабдықтарын өндіру

17

«DALA-FRUIT.KZ»  ЖШС

 Табиғи алма шырындарын өндіру

18

«Nur Kagazy» ЖШС

Қағаз және картон және олардан гофроөнімдер өндіру.

19

Keruen plus ЖШС

Пластикалық құрылыс материалдарын өндіру

20

 «SOZO» ЖШС

Пластикалық құрылыс материалдарын өндіру