ҚР мен РФ шекараға жақын облыстарында өзара сауда жасанды шектеулердің әсерінен төмендеуде. Ресейлік бизнес Мәскеуде жауап жоқ екендігін айтты және Қазақстаннан мемлекет басшыларының назарына «біздің кедергілерді жоюға деген ниетімізді» жетізу үшін көмек сұрауда.
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы XVI форумы шеңберінде Қазақстандық-Ресейлік «Экономикалық шоғырландырудың заманауи аспектілері» іскерлік кеңесі отырысында саудадағы кедергілердің бар болуы талқылаудың басты тақырыбы болды.
Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті Жантасов Темірлан: «Кедергілердің сақталу себебі жекелеген мемлекеттердің интеграциялық процестерден өз пайдасын көру мен өз нарығын ашуға ниет білдірмеуі болып табылады. Бұл жағдайды өңірлік деңгейде әртүрлі кедергілердің қолданылуы қиындатуда».
Жантасов «ЕАЭО ішкі нарығында кедергілердің бар болуы экономикалық белсенділіктің төмендеу факторларының бірі болып табылады» деп қоса айтып кетті.
Мәселен, Қазақстан мен Ресейдің шекара жанындағы өңірлерінің тауар айналымы соңғы жылы төмендеп кетті.
Егер 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында біздің елдердің шекара маңындағы өңірлерінің өзара саудасы 1,3 млрд долл. құраса, онда ағымдағы жылдың 8 айында ол бар болғаны 1,2 млрд долл. құрады. Бұл төмендеудің себебі Ресейдің шекара маңындағы облыстарында қазақстандық өнімдерге қатысты қолданатын қазақстандық өнім үшін сауда кеңістіктерін шектеу түріндегі жасырын шараларына да байланысты.
Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да сөз сөйлеген өкілдер қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекараның бойында орналасқан, қазақстандық өнімге қатысты ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүзеге асырылатын алдын ала хабарлау пункттерінің қызмет етуінің заңсыз екенін атап өтті.
Бұған дейін трансшекаралық саудадағы проблемаларды талқылай отырып, Ресей Федерациясы Сауда-Өнеркәсіп палатасының Вице-президенті Владимир Падалко «Біз неге өзіміз зардап шегетін осы шараларды тудырамыз?» - деп Ресей билігінің өкілдеріне өтініш білдірген болатын. Және қазақстандық Сауда және интеграция министрлігінің өкілінен Мәскеумен болатын келіссөздерде көмек сұрады: «Ресей мен Қазақстан Президенттеріне ресейлік бизнестің өтінішін, біздің кедергілерді жою ниетімізді жеткізуді сұраймыз".
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің департамент директоры Сауда және интеграция министрлігі үшін жұмыстың басты көрсеткіші-тауарлардың ортақ нарыққа тосқауылсыз шығуы екенін атап өтті: «Сондықтан ресейлік бизнес тарапынан кедергілерді жою мәселесіндегі біздің ұстанымымызға қолдау көрсету маңызды фактор».
«Біздің елдерімізде өндірілген тауарлар ортақ нарыққа тосқауылсыз шығуы тиіс», - деп Жантасов түйіндеді.