Ерлан Баттақов азаматтарды жеке қабылдады

Ерлан Баттақов азаматтарды жеке қабылдады

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов азаматтарды жеке қабылдау аясында түрлі мәселелер бойынша өтініш берушілерді қабылдады.

Шараға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қауымдастықтар мен сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің өкілдері қатысты.

Мәселен, «Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы» ЗТБ президенті Жаслан Айтмағанбетов заң шығару жұмысы бойынша ұсыныс жасады.

Өз кезегінде Ерлан Баттақов «Ттұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заң жобасына тұжырымдама жобасын сапалы дайындау мақсатында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Сонымен бірге, Министрлік сараптамалық қоғамдастық тарапынан ұсыныстарды талқылауға және қарауға дайын. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс тобының құрамына тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, бизнес қоғамдастықтың өкілдері кірді.

Азаматша Алтынкүл Дүйсембиева сапасыз тоңазытқышты қайтару мәселесімен жүгінді. Оның айтуынша, уақыт өте тоңазытқыш қабырғасында су пайда бола бастады, осыған байланысты, ол бизнес субъектісіне тоңазытқышты ауыстыру немесе қаражатты қайтару бойынша жүгінді.

Ерлан Баттақов тәуелсіз сараптама жүргізуді ұсынды, тауардың ақаулығы анықталған жағдайда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қаражатты қайтаруға көмектеседі.

Өтініш беруші Валерий Ретюнский тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органның және Е-тұтынушы порталының жұмысын жақсартуға қатысты өзекті мәселені көтерді. Ерлан Баттақов айтылған ұсыныстар ақпараттық жүйені пысықтау кезінде ескерілетінін айтты.

Сонымен қатар, көпбалалы ата-ана Жұмақыз Кокишева жұмыс іздеп жүргенін айтты, сондай-ақ сауда орталығында дүкен ашу үшін орын мен қаражат ұсыну мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші
вице-министрі Ерлан Баттақов сұраққа жауап бере отырып, өтініш беруші Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, жұмыссыз адам ретінде тіркелуі, сондай-ақ оқыту курстарынан өтуі қажет екенін хабарлады. Сонымен бірге, Ерлан Баттақов, Орталық
«Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытуға және одан әрі бизнес-идеяны іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беретінін түсіндірді.

 

ҚР СИМ баспасөз қызметі