ҚазСтандарт Халал өнімдерді Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдеріне экспорттауға жағдай жасауда

ҚазСтандарт Халал өнімдерді Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдеріне экспорттауға жағдай жасауда

ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарты Халал өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органды (бұдан әрі - СРО) аккредиттеуге кірісті.

Бағалаушылар ретінде Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық аккредиттеу орталығының (EIAC) өкілдері шақырылды.

Бұдан әрі СРО берген сертификаттар Таяу Шығыс және Парсы шығанағы елдерінде мойындалатын болады.

Бұл отандық өндірушілердің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.