Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралары

Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралары

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 11.01.2022 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру бөлігіндегі тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі келіссөздер жүргізді және ірі азық-түлік сауда желілерімен өткен жылғы деңгейде бағаны ұстап тұру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік басқармасы және Ақтөбе қаласының барлық аудандық әкімдіктері әлеуметтік сауда нүктелеріндегі өнім бағаларына күнделікті мониторинг жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру бойынша комиссия отырысы өткізілді, оның шеңберінде ӘМАТ-қа сауда үстемесінен асып түсуді анықтау мақсатында Ақтөбе қаласы бойынша сауда желілері мен базарларына тексеру жүргізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаларды ұстап тұру Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың бекітілген қағидалары (Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №391 қаулысы) шеңберінде мынадай тетіктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:

- ӘМАТ тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану;

- кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру (айналым схемасы).

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін іске асыру үшін қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 60,0 тонна күріш, 2647,1 тонна картоп, 60,0 тонна қырыққабат, 300,0 тонна пияз, 533,9 тонна сәбіз және 100,0 тонна өсімдік майы бар, 437,8 тонна картоп, 70 тонна пияз өнімдеріне қосымша форвардтық келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ, 300,0 тонна қант сатып алу жоспарлануда.

2021 жылдың соңында Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімімен 2 млрд.теңге, оның ішінде тұрақтандыру қорына 1 млрд. теңге (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, түйіршіктелген қант, қарақұмық жармасын сатып алу үшін) және айналым схемасы бойынша қарыз беру үшін 1 млрд. теңге бөлінді.

Өңірлерді дамыту картасы (ӨДК – 2022 ж.) шеңберінде айналым схемасы бойынша қарыз алу үшін республикалық бюджеттен 5 млрд.теңге сомасына қосымша қаржыландыру сұралды.

Ағымдағы жылғы 19 қаңтарда азық - түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия өткізді , онда "айналым схемасы" шеңберінде қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілері айқындалды: "Рамазан" ЖШС - 460,0 млн.тг, "НАМК" ЖШС - 20,0 млн. тг, "Тау" Агрофирмасы" ЖШС - 100,0 млн. тг, "Мәртөк Сүт" ЖШС-50,0 млн. тг. Ақтөбе қаласының сауда желілері мен базарларына макарон өнімдерін, сүт өнімдерін (айран, сүт, сүзбе, сары май), жұмыртқаны бір жыл ішінде төмендетілген белгіленген бағамен жеткізетін болады.

Әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарынан форвардтық сатып алу жолымен сатып алынған 1-сұрыпты ұн пайдаланылады. Тіркелген төмендетілген бағамен сатып алынған ұн нан пісіру кәсіпорындарына 1-сұрыпты нан пісіру үшін жеткізіледі, ол бөлшек саудада бір бөлке үшін 84 теңге бағамен сатылады.

Биылғы жылы облыстың ұн тарту кәсіпорындарына ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-дан азық-түлік астығын сату кезінде ұлттық компания шеккен шығыстарды өтеуді субсидиялау есебінен белгіленген баға бойынша тоннасына 90 мың теңге 19,0 мың тонна бидай бөлу жоспарлануда. Ұн тартатын кәсіпорындар 1-сұрыпты ұн әлеуметтік нан пісіру үшін наубайханаларға одан әрі бөлшек сауда желісінде бір бөлке үшін 86 теңге (550 грамм) бағамен сатыла отырып, берілетін болады.

Бұдан басқа, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін 2022 жылдың тоқсандарына бекіту бойынша облыс әкімдігінің қаулысы әзірленуде.

Жалпы статистикалық жедел ақпарат бойынша облыста ағымдағы жылдың басынан бастап 18 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының индексі 100,1%, республикалық (ҚР-100,3%) құрайды.

Жалпы облыста сауда орындарында азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар, азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды