Қарағанды облысында бағаның өсуімен қалай күресуде

Қарағанды облысында бағаның өсуімен қалай күресуде

 

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында ӘМАТ тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жүріп жатыр, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар берілуде.

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін іске асыру үшін қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 292 тонна бакалея өнімдері бар, оның ішінде: қант - 201 тонна, қарақұмық жармасы - 41 тонна және күнбағыс майы - 50 мың литр.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы желтоқсанда ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға облыстық бюджеттен 1 млрд.теңге, оның ішінде тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 500 млн. теңге және "айналым" схемасы бойынша қарыздар беруге 500 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы тұрақтандыру қорына жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алу үшін облыс бюджетінен қосымша тағы 1 млрд.теңге бөлінді.

Мысалы, Мақсұтов ЖК айналым схемасы аясында жеміс-көкөніс өнімдерін (картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз) төмендетілген бағамен Қарағанды қаласының супермаркеттері мен әлеуметтік павильондарына өткізу жүзеге асырылуда. Аталған өнім облыс әкімдігімен жергілікті АШТӨ-мен өндірушілердің өз қоймаларындағы сақтаумен меморандумдар жасасу жолымен келісімшартқа отырды. Бөлшек саудада картоп, қырыққабат және сәбіз 85 теңге/кг аспайтын бағамен сатылады.

2021 - 2022 жылдар кезеңінде Мақсұтова ЖК жалпы көлемі 2 000 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін (картоп 1100 тонна, сәбіз 400 тонна, пияз 300 тонна, қырыққабат 200 тонна) сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 2022 жылғы 11 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы көлемі 251,8 тонна (картоп – 179,3 тонна, сәбіз – 45,2 тонна, пияз – 5,4 тонна, қырыққабат – 22,1 тонна) өнім тасымалданды.

Сондай-ақ, құс фабрикаларымен жасалған меморандумдарға сәйкес белгіленген бағалар бойынша сауда желісіне 1-санаттағы 260 теңге/ондаған жұмыртқаны жеткізу жалғасуда, кейіннен сауда нүктелерінде 270 теңге/оннан сату жүзеге асырылады.  

Бұдан басқа, әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарымен меморандумдар жасасу жолымен қалыптастырылған астықтың резервтік қоры пайдаланылады.

Осылайша, резервтік астықтан өндірілген ұнды ұн тартатын кәсіпорындар белгіленген төмендетілген бағамен 1-сұрыпты нан пісіру үшін нан пісіру кәсіпорындарына жеткізеді, ол бөлшек саудада бір бөлке үшін 75 теңге бағамен сатылады.

Резервтік қордың бидайынан өндірілген 1-сұрыпты ұн қоры (8,5 мың тонна) ағымдағы жылдың жаңа егініне дейін жеткілікті.

Сондай-ақ, биылғы жылы облыстың ұн тарту кәсіпорындарына ішкі нарыққа реттеуші әсер ету үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-нан тоннасына 90 мың теңге белгіленген баға бойынша 18,4 мың тонна бидай бөлу жоспарлануда.

Ал ұн тартатын кәсіпорындар 1 сұрыпты ұнды әлеуметтік нан пісіру үшін наубайханаларға босатуды жоспарлап отыр, әрі қарай бөлшек сауда желісіне бір бөлке үшін 90 теңге (530 грамм) бағасымен сатады.

 

 

Анықтама: Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №52/01 қаулысы),