Қазақстан мен Башқұртстан арасында тауар айналымы $336,7 млн құрады

Қазақстан мен Башқұртстан арасында тауар айналымы  $336,7 млн құрады

Нұр-Сұлтан - 2022 жылғы 19 қаңтар. Бүгін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты.

Қайрат Төребаев Қазақстан Республикасы жақын шет елдер арасында Башқұртстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қарашада $336,7 млн. құрады (өсім 30,3%). Бұл ретте, Қазақстаннан Башқұртстанға экспорт 47,6%-ға өсті. Башқұртстаннан жеткізілімдердің өсуі 27,2% құрады.

Башқұртстанға экспорттың өсуі мұнай жеткізілімдерінің - 58,7%-ға, мұнай өнімдерінің - 2,7 Р.және азық-түлік тауарларының (нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер - 2,2 р., күріш - 2,4 р.) және т.б. артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, ағымдағы кезеңде Қазақстан пропилен полимерлерін, жылжымалы құрамның бөліктерін жеткізе бастады. Сонымен қатар, көрсеткіштер өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша қолда бар зор әлеует әлі толық көлемде іске асырылмағанын куәландырады.

Жағдайды теңестіру мақсатында Қазақстан Башқұртстанға $27,2 млн сомасына жеткізуді ұлғайтуға дайын, Қайрат Төребаев қазақстандық компаниялар Башқұртстан тұтынушыларына сапалы өңделген тауарлардың кең спектрін (тауарлардың 80 атауы) ұсынуға дайын екенін атап өтті.

Біз өз тарапымыздан ауыл шаруашылығы, тамақ саласы, халал индустриясы, өнеркәсіптік кооперация салаларындағы сауда байланыстарының іске асырылмаған әлеуетін жандандыру мақсатында жобаны тағы да қарауға дайынбыз.

Бұдан басқа, Қазақстан тарапы бизнес-форумдар мен сауда-экономикалық миссияларды өткізу, сондай-ақ экспортты қолдаудың сақтандыру қаржылық шараларын пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

"2021 жылы біз Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, БАӘ және ҚХР нарықтарына бағдарлана отырып, акселерация бағдарламасының екінші кезеңін іске қостық. Біз ресейлік нарыққа шығу бойынша экспорттық акселерациядан өткен қазақстандық компанияларды Жол картасына енгізу нұсқаларын қарастырамыз. Біздің институттар: Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі, "Қазақэкспорт" АҚ, "Qaztrade "ССДО" АҚ тығыз ынтымақтастық пен белсенді жұмысқа дайын", - деп хабарлады Қайрат Төребаев.

Қазақстандық тарап бірлескен күш-жігермен сауданы әртараптандыру және сауда теңгерімін теңестіру жөніндегі жұмыс белсенді түрде жалғасады деген үміт білдірді. Бұл үшін қазақстандық және башқұртстандық компанияларының айтарлықтай әлеуеті бар.