QazTrade Қытайға жүк жеткізудің жаңа әдісін сынақтан өткізуде

QazTrade Қытайға жүк жеткізудің жаңа әдісін сынақтан өткізуде

Бүгін, 2021 жылғы 30 қарашада Алматы станциясынан ҚХР-ға контейнердегі алғашқы құрама жүк жөнелтілді. Бұл «KTZ Express” АҚ-мен ынтымақтастықта “QazTrade» АҚ іске қосқан шағын жүк партияларын Қытайға жеткізу бойынша жаңа логистикалық өнімнің алғашқы жөнелтілуі болды.

Бірінші 40 футтық контейнерде 3 компанияның экспорттық жүк партиялары жинақталды.

Контейнерлерде құрама тасымалдау әдісі (ағылшын тілінен LCL. Less Container Load, контейнерді ішінара жүктеу) шағын және орта жүк жөнелтетін экспорттаушы өндірушілерге қол жетімді болады. Бұл ҚХР-ға шағын жүк партияларын жеткізу кезінде карантиндік шаралардан туындаған қиындықтарға жауап болды. Қытай тарапының карантиндік шараларды қатаңдатуы, сондай-ақ өз экспорттық жүктерін Қазақстан аумағы арқылы транзитпен ЕО және ОА елдеріне жөнелтуге басымдық беруі қазақстандық кәсіпкерлер үшін жүктерді автомобиль, темір жол көлігімен жөнелтудегі проблемаларының себебі болып табылады. Бұдан басқа, авиациялық көлікпен тасымалдауда қатты шектеулер бар.

LCL (ағылш. Less Container Load, контейнерді ішінара тиеу) – бұл жүк жөнелтуші контейнердің бір бөлігін немесе жеке орнын ғана резервке қоятын тасымалдау түрі. Бұл әдіспен контейнер құрама жүктермен жүктеледі: әр түрлі алушылар үшін тауарлардың партиялары. LCL сервисінің негізгі идеясы, егер экспорттаушыда тұтас контейнерге жүк жеткіліксіз болса, яғни басқа жүк жөнелтушілермен бірге бір контейнерде тасымалдауды орындау мүмкіндігі болып табылады.

LCL-тасымалдар жеткізу шығындарын қысқартуға және экспорттаушыға артық төлемей-ақ, қанша қажет болса, сонша тасымалдауға мүмкіндік береді. Осылайша, LCL әзірлеген сервис құны 1,5-2 есе төмен қолданыстағы тәсілдерін ұсынады, ең аз жеткізу мерзімі 7 күн. Сондай-ақ, тасымалдаудың осы түрінің артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: жүктерді қоршаған ортаның әсерінен сенімді қорғау; қаптамаға қойылатын ең аз талаптар, сондай-ақ қайта тиеу пункттерінде тиеу-түсіру жұмыстарын айтарлықтай жеңілдету. Экспорттаушыға жүкті вагоннан вагонға немесе шекарада бір автокөліктен екіншісіне қайта тиеу талап етілмейді, контейнер жай ғана Қазақстаннан қытайлық фитингтік платформаға ауыстырылады. Сианнан Қытайдың кез келген жеріне жеткізу мүмкін. Бұл ретте клиентке қажетті қызметтердің, оның ішінде брокерлік қызметтердің барлық тізбесі көрсетілетін болады.

Бүгінгі таңда көлік-логистикалық жүйе қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытудың негізгі құралы болып табылады. Көліктік-логистикалық қызметтердің әлемдік нарығында соңғы жылдарға тән сипат, тасымалдау көлемінің жалпы құлдырауы мен жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, тауарларды жеткізудің ең сенімді және арзан әдісі ретінде контейнерлердегі құрама жүктерге деген сұраныс болып табылады.