Қазақстан мен Швейцария сынамалық таңбаларды өзара тануға келісті

Қазақстан мен Швейцария сынамалық таңбаларды өзара тануға келісті

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Швейцария Конфедерациясының экономика жөніндегі мемлекеттік хатшысы Мари-Габриэль Инайхен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы зергерлік және басқа да асыл тастардан жасалған бұйымдар мен зергерлік және басқа да асыл тастардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаның өзара іс-қимылы жөніндегі келісімге қол қойды.

Келісім зергерлік бұйымдарды өзара әкелу үшін қажет. Құжатта бір Тарапқа екінші Тараптың сынамалық таңбасының бедерімен, дайындаушының таңбасымен және Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес белгіленген сынама стандартымен әкелінетін бағалы металдардан жасалған бұйымдар осы зергерлік бұйымдар осы Келісімге және импорттаушы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес келген жағдайда импорттаушы тарапта жаңа талдауға және таңбалауға жатпайтыны айтылады. Кедендік бақылау кезінде импорттаушы Тарап өзінің уәкілетті ұйымдарына екінші Тараптың сынамалық таңбасының бедерін және импорттаушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес сынаманың заңнамалық белгіленген стандарттарын тексере алатын зергерлік және бағалы металдардан жасалған басқа да бұйымдарды ұсынады.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісімге Қазақстан Президентінің Швейцария Конфедерациясына ресми сапары шеңберінде қол қойылды.