Қазақстан мен Швейцария қызметтер саудасын ішкі реттеу саласындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуде

Қазақстан мен Швейцария қызметтер саудасын ішкі реттеу саласындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуде

Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Швейцария экономикасы жөніндегі Мемлекеттік хатшы Мари-Габриэль Инайхен-Фляйш Алматы қаласында 1994 жылғы 12 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге Хаттамаға (Қызметтер саудасын ішкі реттеу жөніндегі қағидалар) қол қойды.

Құжат ұлттық режимді және тауарларға барынша қолайлылық режимін ұсыну, бірлескен комитет құру арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді, сондай-ақ зияткерлік меншік жөніндегі ережелерді қамтиды. Қол қойылған Хаттама рұқсат беру рәсімдері мен талаптарының, атап айтқанда, көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын алу үшін лицензиялық және біліктілік талаптары мен рәсімдерінің транспаренттілігін және болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

1994 жылғы 12 мамырда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге хаттамаға (Қызметтер саудасын ішкі реттеу жөніндегі қағидалар) Қазақстан Президентінің Швейцария Конфедерациясына ресми сапары шеңберінде қол қойылды.

Анықтама: Қазақстан мен Швейцария арасындағы өзара қызметтер саудасының көлемі ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2020 жылы 201,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,3% - ға жоғары (178,5 млн. АҚШ долл.). Экспорт 104,6 млн. АҚШ доллары, импорт-96,6 млн. АҚШ долларын құрды.