11 қарашада «Сәйкестікті бағалау туралы» заң жобасының тұжырымдамасы бойынша жария тыңдау өтеді

11 қарашада «Сәйкестікті бағалау туралы» заң жобасының тұжырымдамасы бойынша жария тыңдау өтеді

Ағымдағы жылғы 11 қарашада "Сәйкестікті бағалау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының реттеуші саясатының консультациялық құжаттарының жария тыңдаулары өтеді.

 

Тыңдауды ұйымдастырушы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

 Нур-Султан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, 7 кіреберіс

 

  Жария тыңдауды өткізу күні, орны және уақыты

 2021 ж. «11» қараша 16 сағ.00 мин., Нұрсұлтан қ, ZOOM платформасы арқылы.

Сілтеме ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының 21-тармағына сәйкес өтінім берген қатысушыларға қосымша жіберілетін болады.

 

Консультативтік құжаттар сәйкестікті бағалау саласындағы проблемаларды шешу шеңберінде әзірленді, атап айтқанда:

 

  • сәйкестікті ерікті бағалауды дамыту;
  • сәйкестікті бағалауға қатысушылардың жауапкершілігін шектеу;
  • заңнаманы халықаралық талаптармен үйлестіру.

 

Талқылауларды ұйымдастырушы мемлекеттік органның ұйымдастыруға жауапты тұлғаларының байланыс ақпаратын:

8(7172)98-37-78 s.rahmetkalieva@nca.kz

8(7172)75-05-29 a.kulzha@mti.gov.kz

 

Консультативтік құжат орналастырылған Ашық НҚА интернет-порталына сілтеме:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11672744

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11672972