Qaz Trade экспорттық процедураларды жеңілдету үшін жұмыс істейді 

Qaz Trade экспорттық процедураларды жеңілдету үшін жұмыс істейді 

Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапары барысында "QazTrade" АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы "Евразкабель "Сауда Үйі" ЖШС жұмысымен танысып, компанияның бас директоры Андрей Приходькомен өнімділікті арттыру және сауда үйінің экспорт үлесін кеңейту жолдарын талқылады.

"KMK INVESTMENT" компаниялар тобының еншілес компаниясы – "Евразкабель" зауыты экспорттық акселерация-2021 бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Компания Қазақстан нарығында 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Жоба Алматы қаласындағы индустриялық аймақтың аумағында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда зауыт жыл сайын шамамен 7 мың өнім шығарып, еліміздің құрылыс саласының қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, кабель-өткізгіш өнімдерін ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Компанияның айналымы 1 млн АҚШ долларынан асады. Жалпы, пайдалануға берілген зауыттың жаңа жабдықтары мен технологиялық желілері қимасы 1600 мм кВ дейінгі және кернеуі 0,66 кВ-тан 330 кВ-қа дейінгі кабельдік өнімдердің барлық желісін шығаруға мүмкіндік береді.

Экспорттың 15% үлесі бар компанияның өз өнімін ЕАЭО нарықтарына жеткізу тәжірибесі бар. Компанияның жоспарында Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, БАӘ, Балқан түбегі елдерінің нарығына шығу және өз қатысуының үлесін кеңейту бар.

Кездесу барысында қатысушылар "QazTrade" АҚ-ның жаңа серіктестер іздеуде және Кабельдік-өткізгіш өнімдерді өткізу нарықтарында жәрдемдесуін, "Евразкабель" СҮ ірі халықаралық көрмелерге қатысуын, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан экспорттаушыларды қолдау бөлігінде мемлекет ұсынған шараларды қоса алғанда, экспорт үлесін арттыру бойынша одан әрі бірлескен іс-шараларды талқылады.