Қазақстан Израильге "Қорғас" ШЫХО әлеуетін пайдалануды ұсынды

Қазақстан Израильге "Қорғас" ШЫХО әлеуетін пайдалануды ұсынды

2021 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Израильдің Туризм министрі Йоэл Развозовпен кездесті.

Келіссөздер барысында Бақыт Сұлтанов ЕАЭО және Орталық Азия елдерін одан әрі кеңейту перспективасымен географиялық қамти отырып, Бірыңғай Еуразиялық тауар өткізу жүйесінің тірек нүктелері болатын шекара маңындағы индустриялық сауда-логистикалық хабтардың желілерін іске асыру туралы хабарлады.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда ұлттық тауар өткізу жүйесі қалыптасуда, ол 24 КТО, 6 трансшекаралық сауда-логистикалық, индустриялық хаб және т.б. қамтиды. Трансшекаралық хабтарды дамытудың мақсаты шекара маңы ынтымақтастығы мен интеграциясының әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, кәсіпкерліктің өсуін ынталандыру, қосымша жұмыс орындарын құру және қосылған құнның орнықты тізбектерін қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыдан "Орталық Азия" СЭЫХО, "Қорғас" құрғақ порты және Құрық порты, "Солтүстік-Оңтүстік" және "Шығыс-Батыс" халықаралық дәліздері шеңберінде құрлықтағы жүк тасымалының орталық-контрреттеу орталықтары болып табылады", – деді Министр.

Сұлтанов Израиль тарапына Израиль инвестицияларын тарту үшін "Қорғас" ШЫХО әлеуетін пайдалану мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ оны ҚХР нарығына көтерме және бөлшек сауда экспорты үшін алаң ретінде пайдалануды ұсынды.

"Қорғас" ШЫХО" АЭА артықшылықтары ҚХР және ЕАЭО нарығына қолжетімділік, визасыз режим, АЭА қатысушыларына берілетін салық жеңілдіктері, бажсыз сауда, дайын инженерлік және көлік инфрақұрылымының болуы болып табылатынын естеріңізге саламыз.