Қазақстан мен Австрия арасындағы өзара сауда 14%-ға артты

Қазақстан мен Австрия арасындағы  өзара сауда 14%-ға артты

Бүгін, 221 жылғы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) отырысы өтті.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев атап өткендей, Қазақстан мен Австрия арасындағы екі жақты өзара іс-қимылдың негізгі базасы сауда-экономикалық ынтымақтастық болып табылады.

«Біз Австриямен екі жақты сауда-экономикалық қатынастарға үлкен мән береміз. Австрия Қазақстанның Еуропалық кеңістіктегі маңызды сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Өкінішке орай, соңғы жылдары бірқатар объективті себептер бойынша сауда қатты «төмендегенін» айта кету керек. Осылайша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 2019 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеді (181,8 млн.долл.) және 162,3 млн. долларды құрады», - деп хабарлады вице-министр.

Ол атап өткендей, мұндай сандар коронадағдарыс пандемиясының және осыған байланысты қабылданған шектеулердің әсерінен пайда болды.

Сонымен қатар, оның баяндамасынан көрініп тұрғандай, «2021 жылдың 7 айында Қазақстан мен Австрия арасындағы өзара сауда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (84,6 млн.долл.) 14%-ға артып, 96,4 млн.долл. құрады».

Біз Австрияға экспортты 59,1%-ға ұлғайттық (1 млн.долл. құрады). Сонымен бірге, өз кезегінде, Қазақстанға импорттық жеткізілімдер 16,2%-ға (95,4 млн.долл.) өсті.

Қазақстаннан танталдың (428,4 мың долл.) Австрияға жеткізілімдерінің жаңаруының, зығыр тұқымдары (3,7 есе немесе 116,5 мың долл.) мен балық сүбесі (103,7 мың долл.) экспортының артуының, сондай-ақ қазақстандық бериллий, хром, германий, ванадий және басқа да сирек металдарының (142,3 мың долл.) жеткізілімдерінің жолға қойылуының оң серпіні байқалады.