Сауда министрлігі Ұлттық тауарлар каталогын құру туралы онлайн-конференция өткізеді

Сауда министрлігі Ұлттық тауарлар каталогын құру туралы  онлайн-конференция өткізеді

Құрметті достар!

Сауда және интеграция министрлігі "Ашық диалог" порталында өткізілетін Тауарлардың ұлттық каталогын құру туралы онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

Онлайн-конференция ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде сағат 14.30-дан 17.30-ға дейін өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Цифрландыру департаменті директорының орынбасары Әлия Рзаева мен "Қазақтелеком" АҚ менеджері Гүлжан Ешмұхамбетова жауап береді.

Онлайн-конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/2012

 

Онлайн-конференцияның форматы "сұрақ-жауап" нұсқасы болып табылатынына назар аударуыңызды сұраймыз.

 

Ескертпе: Онлайн-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен "Ашық диалог" порталына кіру немесе бір реттік парольді пайдалану қажет.