Сауда министрлігінде "Тауарлардың ұлттық каталогы" жобасын әзірлеу туралы айтылды

Сауда министрлігінде "Тауарлардың ұлттық каталогы" жобасын әзірлеу туралы айтылды

Тауарлардың ұлттық каталогының жобасын әзірлеу "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп жүргізіледі.

Жобаның мақсаты нарыққа қатысушылар үшін тауардың цифрлық паспортын ұсыну болып табылады.

Әсел Жанасова СИМ алқасының отырысында атап өткендей,"бүгінде 2021 жылғы 1 қазаннан бастап ӘМАТ кодтау бойынша пилоттық жобаны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді, сондай-ақ интерфейс макеті әзірленді".

Сондай-ақ, Вице-министр өз баяндамасында каталогта медиа контент, салмақ-көлем және басқа да тұтыну сипаттамалары бар тауарлардың цифрлық көшірмелері қамтылатынын, ал 2021 жылдың соңына дейін каталогта 30 000 тауар түрі қолжетімді болатынын айтты.