QazTrade Alibaba.com халықаралық платформасында отандық тауар өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

QazTrade Alibaba.com халықаралық платформасында отандық тауар өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

2021 жылғы 3 тамызда «QazTrade» АҚ Бас директоры А. Асқарұлы және GGS Бас менеджері Alibaba.com Женг Хан Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі Қ. Қ. Төребаев пен ҚР Шанхай қаласындағы Бас консулы Р. Қ. Рахимовтың қатысуымен ұйымдар арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Alibaba.com  - әлемнің 190 еліндегі 160 миллионнан астам сатып алушылар мен жеткізушілерге қызмет көрсететін көтерме сатып алуға арналған жетекші халықаралық В2В алаңы. Alibaba.com көмегімен кәсіпкерлер өз тауарларын әлемнің 200-ден астам еліндегі компанияларға жеткізе алады.

Қол қойылған Меморандум аясында тараптар қазақстандық компаниялардың экспортын Alibaba.com пайдаланушылары арасында жылжытуда өзара іс-қимыл жасауды, компанияларға олардың платформада жұмыс істеуіне көмек көрсетуді, ай сайынғы тренингтерді ұйымдастыруды, қазақстандық тауар жеткізушілердің цифрлық трансформациясына ықпал етуді жоспарлап отыр.

«Өткен екі жыл ішінде бізде нәтижелі ынтымақтастық қалыптасты. Бағдарламаның арқасында 100 қазақстандық компания өз тауарларын әлемнің түкпір-түкпірінен сатып алушыларға қашықтықтан ұсынуға мүмкіндік алды. Жиынтық сату сомасы шамамен 45 миллион долларды құрады, бұл тамақ өнімдері, тоқыма, бал және тағы басқалар», - деп атап өтті вице-министр Төребаев құттықтау сөзінде.

2019-2020 жылдары «Алтын жеткізуші» аккаунтымен өңдеу өнеркәсібінің 100 отандық кәсіпорны шығарылды. «Алтын жеткізуші» мәртебесі - бұл жеткізушілерге маркетплейстің ішінде кешенді түрде алға жылжуға мүмкіндік беретін ерекше сыйлықақы мәртебесі, ал бұл өз кезегінде аудиторияның қамтылуының артуына, сатып алушылардың тартылуының артуына және ілгерілетуге салынған қаражаттың тез қайтарылуына алып келеді.

«Пандемия және пандемиядан кейінгі кезеңдерде цифрлық алаңдар бүкіл әлемде сатуға мүмкіндік беретін ең қол жетімді, арзан және жылдам құралға айналды. Деректер ауқымы жыл сайын тек өседі. Осыған байланысты, қазақстандық жеткізушілер үшін ірі халықаралық сауда платформаларының бірімен ынтымақтастық олардың өнімдерінің платформаны пайдаланушылар арасында танымалдығын арттыру мәселесінде аса маңызды», - деп түсіндірді «QazTrade» АҚ Бас директоры.

Маркетплейстің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақстандық жеткізушілер бүкіл әлем бойынша өз тауарларының экспортын ұлғайтуда.

Өткен жылы осы өткізу арнасы арқылы БАӘ-ге мұздатылған ет; ҚХР мен Бангладешке астық өнімдері; ТМД елдеріне пробиотик-биопродуктілері; Шығыс Еуропа елдеріне жеңіл өнеркәсіп өнімдері, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Македонияға көмір сүзгілері және т.б. экспорт түрлері жүзеге асырылды, Қазақстан алғаш рет Сингапурға балды экспорттады. Отандық компаниялар 45 млн. АҚШ доллары сомасына  экспорттық келісімшарттар жасасты.

Қазіргі уақытта осы сауда алаңында 4 мыңнан астам қазақстандық тауарлар орналастырылған: макарон өнімдері, ұн, бал, кондитерлік өнімдер, ет, сусындар, өсімдік майлары, жиһаз, киім, балаларға арналған тауарлар және тағы басқалар.