Қазақстан ХШЖК-де павильонның ашылуына дайындалуда

Қазақстан ХШЖК-де павильонның ашылуына дайындалуда

2021 жылғы 31 шілдеде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі               Қ. Төребаев және ҚР СИМ Экспортты ілгерілету департаменті директорының орынбасары Б. Болганисов РФ-дағы Мәскеу қаласындағы ҚР Сауда өкілдігінде жұмыс сапарымен болды.

Жұмыс кеңесі барысында Сауда өкілдігінің жұмыс қорытындылары, ағымдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ 2022 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

1 тамызда Сауда өкілдігі федералды маңызы бар мәдени мұра объектісі болып табылатын Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі (ХШЖК) Қазақстан Республикасының павильонына баруды ұйымдастырды.

Павильонды аралау шегінде Вице-министр Қ. Төребаев павильон дирекциясымен жұмыс істеу, іс-шараларды өткізу мүмкіндігі, павильонның сауда-көрме алаңының толтырылуы және т.б. мәселелерді талқылады.

 

Қазақстан павильонының ашылуы Республика үшін экономикалық тиімді және перспективалы бағыт болып табылады, өйткені жыл сайын ХШЖК-ға 32 миллионнан астам адам келеді.

Павильон тұрақты жұмыс істейтін көрмелер, өнер галереялары, ұлттық тағамдар мейрамханасы, жәрмеңкелер, қазақстандық тауарларды, кәдесый өнімдерін сату, сондай-ақ диаспоралармен кездесулер және қазақстандық кинематографтың фильмографиясы көрсетілімі болады деп жоспарлануда.