Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қ. Төребаевтың "Х5 Retail Group" федералдық желісінің өкілдерімен кездесуі

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі  Қ. Төребаевтың "Х5 Retail Group" федералдық желісінің өкілдерімен кездесуі

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қазақ өнімдерін жеткізуді жолға қою, желінің тауар өткізу жүйесін құру және басқару тәжірибесімен алмасу мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың "Х5 Retail Group" Федералды желісінің өкілдерімен, "Х5 Retail Group" мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасты дамыту департаментінің Халықаралық бөлімінің директоры Мария Экслермен және "Х5 Retail Group" Сорсинг басқармасының басшысы Денис Синицынмен келіссөздерін жүргізді және "Х5 Retail Group" флагмандық тарату орталығының Ногинск қаласына баруын ұйымдастырды.

Кездесу барысында Қазақстаннан бірқатар тауарларды жеткізуді ұйымдастыру және ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұл жемістер мен көкөністер, тоқыма және киім, тамақ.

Қ.Төребаевтың айтуынша, Қазақстанда экспортты сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде, кәсіпорындарды ресейлік бағытты қоса алғанда, ірі шетелдік сауда желілеріне шығару бойынша. Осылайша, "Х5 Retail Group"-пен "Green Land Alatau" ЖШС, "Ecoinvest" ЖШС, "Agro Impex" ЖШС, "Eurasian EcoProduct" ЖШС, "Ecoculture Fileds" ЖШС, "НАК" ЖШС, "Алма Трейд" ЖШС, "Фрут Трейд" ЖШС, "Greenhouse Kazakhstan" ЖШС, "Greenhouse Qaztomat" ЖШС, "MCC Trade" ЖШС сияқты жемістер мен көкөністер өндірушілерімен, сондай-ақ, "Dala Fruit" ЖШС шырын, "AZALA" ЖШС тоқыма өнімі, "Kazmyaso" ЖШС және "Meetking" ЖШС ет өндірушісі және жұмыс жолға қойылған немесе жеткізу туралы шарттарға қол қою сатысындағы басқа да компаниялармен тікелей байланыс орнатылды.

"Х5 Retail Group" федералдық желісінің өкілдері Қазақстан Республикасынан өнімдерді жеткізуді ұйымдастыру бойынша ұзақ мерзімді жұмысқа қызығушылық танытты және талдамалық ақпарат пен тауар өткізу жүйесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуға дайын. Осылайша, қазақстандық өндірушілер үшін жеткізу схемасын жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында сапаны бақылауды қабылдауды ұйымдастыру туралы мәселені пысықтау ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі сауда желілерінің жұмысымен және ұсынылған тауарлар ассортиментімен танысу мақсатында "Ашан" гипермаркеттерінің ірі сауда желісіне, "ВкусВилл" дұрыс тамақтануға арналған азық-түлік дүкендерінің желісіне, сондай-ақ "Дикси" азық-түлік бөлшек сауда желісіне баруды ұйымдастырды.

 

Анықтама:

X5 Retail Group-Ресейдегі жетекші азық-түлік бөлшек сауда компаниясы. "Пятерочка", "Перекресток", "Карусель", "Чижик" желілік дүкендерінің брендтерінің портфелін, "Перекресток Впрок", "Около", 5post цифрлық бизнестерін, сондай-ақ меншікті логистика, тікелей импорт қызметтері бар 45 тарату орталықтарының желісін басқарады.