2 жыл ішінде ИСМ кедергілерді 100 млн. долларға жойды

2 жыл ішінде ИСМ кедергілерді 100 млн. долларға жойды

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде "кедендік шекараларды ашып, елдердің әрқайсысы ішкі өндірушілерді Еуразиялық экономикалық одақтың басқа қатысушыларының бәсекелестігінен іс жүзінде қорғауды жалғастыруда,"- деп хабарлады.

"Біз өзара саудадағы жасырын шектеулерге тап болдық. Көбінесе оларды біздің серіктестер бәсекелестіктің жоғары деңгейі бар тауарларға қатысты орнатады. Соның ішінде экспортқа бағдарланған жекелеген елдердің өндірушілерін жандандыру жағдайында", - деп мәлімдеді Вице-министр.

Жанель Кушукова мұндай тәжірибе экономикалық интеграция идеясына қайшы келетінін айтты, бұл туралы қазақстандық тарап ЕАЭО бойынша әріптестеріне бірнеше рет еске салды.

Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық одақтағы қазақстандық тауарлар жолындағы кедергілерді анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізуде.

"Бүгінгі таңда тосқауылдарды жоюдың рекордтық оң динамикасын атап өтуге болады: 2016 жылдан бастап – ЕАЭО ішкі нарығында бұрыннан бар тосқауылдардың 83%-ы жойылды (66 тосқауыл сараланды, оның ішінде 54 тосқауыл жойылды)", - деп хабарлады Жанель Кушукова.

Тұтастай алғанда, Министрлік құрылған сәттен бастап жойылған кедергілер шамамен 100 млн. АҚШ долларын құрады.