Бақыт Сұлтанов Қазандағы Сауда өкілдігінің жұмысын инспекциялады.
2020 жылғы пандемияға қарамастан, Приволжье федералды округіне азық-түлік экспорты бойынша оң динамика байқалды.
Мысалы, 2020 жылы қазақстандық шайдың экспорты 2 есеге - 3 млн.доллардан 6 млн. долларға дейін өсті.
Сондай-ақ, Сауда өкілдігінің бөлімшесі KazanExpress маркетплейсі арқылы қазақстандық тауарларды ілгерілету бойынша жұмыс жүргізуде.
"Бағдаршам" Федералды сауда желісіне жеткізуді ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл желіде 2200-ден астам дүкен бар, олардың 1700-і Ресейде, қалғандары басқа елдерде, оның ішінде 50 дүкен Қазақстанда.
Қазақстандық экспорттаушылар үшін бұл ретро-бонустар, буып-түю және қосымша сыйақы бойынша талаптар жоқ эконом-класс өнімдерімен желіге кірудің бірегей мүмкіндігі, бұл Ресейдің бөлшек сауда нарығына кіруді айтарлықтай жеңілдетеді.
Қазандағы Сауда өкілдігі экспорттаушылар пулын жинау бойынша жұмыс жүргізуде.