Сауда министрлігі: ЕАЭО-да қазақстандық тауарлар үшін сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың мерзімі ұзартылды

Сауда министрлігі: ЕАЭО-да қазақстандық тауарлар үшін сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың мерзімі ұзартылды

2021 жылғы 29-30 сәуірде қазанда Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшылары Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан үшін ЕАЭО-дағы қазақстандық тауарлар үшін сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың мерзімін ұзарту орталық мәселе болып табылады.

«Осы сертификаттың қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады. Сондықтан, біз осы сертификатты ұзарту туралы мәселені қозғадық. Осы тетік қазақстандық тауарлардың экспортын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретіндіктен, тауардың әрбір партиясына шығарылған елін айқындау сертификатын беруден бас тарту есебінен ЕАЭО елдеріне», - бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Кездесу барысында ЕАЭО бойынша әріптестер Қазақстанның ұсынысын қолдады.

Күн тәртібінің тағы бір түйінді мәселесі ЕАЭО елдерінің өзара саудасындағы кедергілерді жою тақырыбы болды.

Бақыт Сұлтанов түсіндіргендей, бүгінде Беларусьте бөлшек сауда объектілерінде тауарларды орналастыруға шектеулер қолданылады. «Беларусь тауарларының белгілі бір санының сауда субъектісінің ассортиментінде болу талаптары ЕАЭО шеңберінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмейді. Қарастырылған шаралар Беларусь нарығына кедергі келтіретіндіктен».

Келіссөздердің нәтижесі ымыраға қол жеткізу болды, өйткені Беларусь тарапы осы жылдың соңына дейін шектеулерді жоюы керек.

Сондай-ақ, отырыста электрондық сауда шеңберінде тауарларды бажсыз әкелу шегін төмендету мәселесі талқыланды, оның барысында Үкіметтер басшылары ЕЭК-ке а.ж. 4-тоқсанында осы саланы дамыту және тауарларды бажсыз әкелу шегін қайта қараудың орындылығы жөнінде ұсыныстар кешенін енгізуді тапсырды.

«Әлемде электронды сауда саласы қарқынды дамып келеді. Пандемия кезеңі сауданың электрондық түрінің дамуын едәуір ынталандырды. Сондықтан бүгінгі күні шетелдік интернет-алаңдарда сатып алынатын тауарларды әкелудің түсінікті және ашық тәртібін айқындау маңызды» - деп түсіндірді Министр Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, үкіметаралық кеңес отырысында Премьер-Министрлер ЕАЭО елдері үшін сезімтал тауарлардың санкцияланбаған кері экспортына жол бермеу мақсатында экспортты реттеу шараларын жақындастыру консультацияларын өткізу туралы, сондай-ақ ЕАЭО аумағы бойынша өсімдіктердің қауіпті вирустарының таралуын болдырмау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы уағдаласты.

Бұдан басқа, үкімет басшылары ЕАЭО-ның өнеркәсіптік ынтымақтастығының 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын бекітті. Бұл құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жақын перспективаға арналған ұлттық басымдықтарын негізге ала отырып, өнеркәсіптік интеграцияның өзекті міндеттерін айқындайды.

Сондай-ақ, Қырғызстандағы кадрлық өзгерістерге байланысты Үкімет басшылары ЕЭК Алқасының жаңа мүшелерінің және Қырғыз Республикасынан ЕЭК Кеңесі мүшесінің кандидатураларын мақұлдады.

Үкіметаралық кеңес отырысының соңында ЕЭК пен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумға, сондай-ақ ЕЭК пен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Бұл құжаттар Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Үкіметаралық Кеңестің келесі отырысын ағымдағы жылдың тамыз айында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазан қаласында ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің екі күндік отырысы аяқталды.