Бақыт Сұлтанов "Орталық Азия" ХСЭЫО құрылыс алаңында капсула салуға қатысты

Бақыт Сұлтанов "Орталық Азия" ХСЭЫО құрылыс алаңында капсула салуға қатысты

Бүгін, 2021 жылғы 10 сәуірде, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының құрылысы орнында капсула салу салтанатты рәсіміне қатысты.

Негізін қалауды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин және Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Нығматұлы Арипов жүзеге асырды.

"Орталық Азия" ХСЭЫО құру бастамасы екі елдің экономикалық әлеуетін бірлесіп дамытуға ықпал ететін өңіраралық және шекара маңы сауда қатынастарының түбегейлі жаңа жүйесін құруға бағытталған.

Бақыт Сұлтанов негізгі екпін өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қойылуы тиіс екенін хабарлады. Осыған көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытталатын болады.

Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрі еуразиялық сауда ағындарын дамытудың өзегі болуға тиіс сауда хабтарының бірлескен жүйесін құруды ұсынды.

Қазақстанда бүгінгі таңда Ұлттық тауар өткізу жүйесін дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жүйе 5 трансшекаралық хаб пен 24 КТО-ны қамтиды.

"Сонымен қатар, 500 км радиуста 9 млн.адамнан астам халқы бар Ташкент және Шымкент агломерациялары ОА халқының жалпы санының 15%-ын құрайды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде экономикалық өзара толықтырудың жоғары деңгейі бар", - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

Ол Түркістан облысының РФ, ЕО елдері мен ҚХР-ға өзбек экспорты үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ташкент облысы Қазақстан үшін Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістан бағыттары бойынша маңызды транзиттік пункт болып табылады.

Қазақстан Сауда министрлігі басшысының пікірінше, шекара маңындағы сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшінші елдермен транзиттік сауданың қазіргі 2019 жылғы $23,0 млрд-тан 2030 жылы $37,9 млрд-қа дейін өсуіне ықпал ететін болады.

Сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның неғұрлым перспективалы бағыттары ұн тарту, протеинді, жиһаз кластерлері, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпті дамыту болып табылады.

"Елдеріміз арасында бірыңғай тауар өткізу жүйесін құру мақсатында біз Қазақстанның жеке инвестицияларын тарту есебінен Өзбекстанда 3 көтерме-тарату орталығын құруға мүдделіміз", - деді Бақыт Сұлтанов.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның ЖІӨ-ге экспорты шамамен 26% - ды ($15,1 млрд.) құрады. 2021 жылы экспорт көлемін 20% - ға арттыру мақсаты қойылды.

Өзбекстанның 9 көлік дәлізінің 6-ы тауарларды экспортқа жеткізу бойынша Қазақстан арқылы өтеді. Осылайша, Өзбекстанның тауар айналымының 50% - дан астамы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді.

Мемлекеттер арасында алдағы жылдары өзара сауданы $10 млрд. дейін ұлғайту міндеті тұр.

Осыған байланысты Бақыт Сұлтанов "Жібек Жолы" және "Гишт Куприк" ӨП ауданында орналасатын "ОА" ХСЭЫО құрылысын жеделдетуді ұсынды. Орталықтың жалпы алаңы 400 га құрайды.

Оның айтуынша, жүк және жолаушылар терминалдары бар тәулік бойы (көпжақты, жолаушылар, автомобиль) бірыңғай цифрлық өткізу пункті болжанады. Өткізу қабілеті – екі бағытта да тәулігіне 35 мың адам және 5 мың жүк көлігі.

"Қазіргі уақытта біз бірыңғай цифрлық өткізу пунктін, УСҚ, көлік-логистикалық орталық, автовокзал мен кірме жолдарды салу бойынша 30 га (екі тарап) бойынша ХСЭЫО I-кезегін іске асыруға кірісуге дайынбыз", - деді ҚР СИМ басшысы.

2-ші кезек аясында өнеркәсіптік сауда-сервистік аймақ құру ұсынылады. Бұл -  заманауи өнеркәсіптік объектілер, бірлескен кооперациялық кәсіпорындар, СОО және көтерме-бөлшек сауда орталықтары, кеңсе, қонақ үй объектілері, қоғамдық тамақтану пункттері.

Сонымен қатар, екі елдің ресурстық әлеуетін пайдалану есебінен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және өзара сауданы ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша үлкен әлеуетіміз бар.

Мысалы, азық-түлік тауарларын (ұн тарту өнімдері, макарон өнімдері, кондитерлік өнімдер, май-тоң май өнімдері, ет өнімдері), жеміс-көкөніс өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп тауарларын (киім, кілемдер және өзге де еден төсеніштері, төсек-орын және асхана төсек-орындары), құрылыс және химия өнеркәсібі тауарларын (полипропилен, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары) өндіру бойынша кластерлік кооперациялық жобалар құру әлеуеті бар.

Өткізу нарықтарының көлемі Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан, ҚХР, ЕАЭО және Орталық Азия елдері географиясымен $21 млрд-тан астам бағаланады.

Аталған аймақтардың табысты жұмыс істеуі үшін тауарлар мен жеке тұлғалар үшін шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ көлік-логистикалық жүйе маңызды болып табылады.

ХСЭЫО құру елдер арасында заманауи сауда тетігін қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ оны Орталық Азиядағы өңірлік сауда үшін тиімді алаңға айналдыруға мүмкіндік береді.