Сауда министрлігі Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің сараптамалық отырысын өткізуде

Сауда министрлігі Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің сараптамалық отырысын өткізуде

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың және Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы министрінің орынбасары Сұлтан Ахматовтың төрағалығымен Қазақстан - Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің сараптамлық отырысы өтуде, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесудің мақсаты - екі елдің Премьер-Министрлерінің қатысуымен Қордай кентінде 2021 жылғы 2 сәуірге жоспарланған Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 9-шы отырысының қорытынды құжатын келісу.

ҮАК отырысының күн тәртібі екіжақты өзара іс-қимылдың барлық салаларын қамтиды: сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

 

Құрметпен, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

баспасөз қызметі

Тел.: 8(7172) 74 98 94

www.mti.gov.kz

https://www.facebook.com/mtiqz/

https://t.me/tradenewsQZ