Сауда министрлігі жұмыртқа бағасының өсу себептерін атады

Сауда министрлігі жұмыртқа бағасының өсу себептерін атады

2021 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша апта сайынғы статистикалық деректерге сәйкес ел өңірлерінде 1-санаттағы он жұмыртқаның бағасы 340 теңгеден бастап 485 теңгеге дейін құбылады. Жыл басынан бері бағаның өсуі 11,9%-ды құрайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет бағаны реттей алатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне тек 1-санаттағы жұмыртқа ғана жатады.

Бағаның өсуінің негізгі себептері құс тұмауына байланысты 2020 жылы өлім салдарынан 2020 жылы жұмыртқа өндірісінің 8,4%-ға қысқаруы болып табылады. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша өлім 2,6 млн.мекиен тауықты құрады. Бағаның өсуінің екінші себебі – жем-шөптің қымбаттауы (оның ішінде жемдік астық). Жыл бойы жем-шөптің құны 54.4%-ке ұлғайды.

Өңірлерде бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыртқа өндіруші компаниялар мен сауда объектілері (дүкендер, сауда желілері) арасында жұмыртқа сөрелеріне тікелей жеткізу және сатудың тіркелген бағасын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасалады. Әкімдіктер басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша осындай жұмыстар жүргізуде.

Анықтама:

Ел бойынша барлығы 1472 ӘМАТ өндірушілері мен 11186 сауда объектілері арасында 12658 меморандум жасалды.

Бұдан басқа, жемдердің бағасының өсімін тежеу үшін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ базасында тұрақты жұмыс істейтін жемдік астық қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыртқа өндіру шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу жөніндегі деректер мен басқа да шаралар ҚР Сауда және интеграция министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп әзірлеген арнайы Жол картасында көзделген.

Жол картасының қабылданған жедел іс-шараларының нәтижесінде, мереке күндеріне қарамастан, қажетті өнімдер дәстүрлі түрде қымбаттап жатса да, бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік туды.

Мерекелік аптада (2021 жылғы 16-25 наурыз аралығында) әлеуметтік маңызы бар жұмыртқалардың бағасы 0,2% - ға төмендеді.

Бұл ретте, өткен аптада (2021 жылғы 9-16 наурыз аралығында) 1-санаттағы жұмыртқаларға бағаның өсуі бар болғаны 0,1% - ды құрады.

 

 

Құрметпен, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

баспасөз қызметі

Тел.: 8(7172) 74 98 94

www.mti.gov.kz

https://www.facebook.com/mtiqz/

https://t.me/tradenewsQZ