2021 жылғы 15 наурызда Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Қ. Төребаев Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Негина Анваримен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында екі елдің Мемлекетаралық тауар өткізу жүйесін құру мәселесі талқыланды.
Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасында тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жұмыс туралы таныстырып, Тәжікстан Республикасының аумағында 3 көтерме-тарату орталығын салу жоспарлары туралы хабардар етті.
Мамандардың Тәжікстанның Хатлон және Соғды облыстарына шығуын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тәжікстанның ауыл шаруашылығы Вице-министрі Тәжікстан тарапының Тәжікстанда КТО құруға қызығушылығын растады және мұндай КТО құру Тәжікстан үшін алғашқы тәжірибе болатынын атап өтті.
Тәжік тарапы Тәжікстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі бойынша барлық қажетті деректерді ұсынады.
Өз кезегінде қазақстандық тарап жемістер мен көкөністерді өндіру жағдайларын зерттеуге және фермерлік шаруашылықты ұйымдастыруға қызығушылық танытты.