Қазақстан жоғары қайта өңделген алюминийге мұқтаж

Қазақстан жоғары қайта өңделген алюминийге мұқтаж

Алюминий – жер бетіндегі ең көп таралған металл және өнеркәсіпте қолданылатын маңызды шикізат.

Қазақстан алюминий өндіретін боксит қоры бойынша (365 млн.тонна) әлемде 12-орынды алады.

Бірақ осы уақытқа дейін бокситтердің орасан зор қоры болса да, ҚР өңделген алюминий өнімдерін импорттайды. Мәселен, 2020 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы кезеңде алюминий қаптамаларының импорты құндық мәнде                   32,4 млн. АҚШ долл. (бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінен 6,1%-ға аз), алюминий сымының импорты 20,2 млн. АҚШ долл. (+11,5%), металл конструкцияларының импорты 18 млн. АҚШ долларын құрады (+14,2%).

Мұның себебі – ел ішінде өндіріс орындарының жетіспеушілігі.

Еліміздегі бастапқы алюминийдің жалғыз өндірушісі «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ) болып табылады.

ҚЭЗ деректері бойынша, 2019 жылы кәсіпорында 263 мың тоннадан астам бастапқы алюминий өндірілген. Өнімнің 90%-ға жуығы экспортқа кетеді. Негізгі сатып алушылар – Түркия, Греция, Өзбекстан және Грузия. Бұл ретте, ҚЭЗ маңызды өндірістік кезеңді еңсерді – іске қосылған сәттен бастап 2,5 млн. тоннадан астам бастапқы алюминий өндірді.

Қазақстанда ең жоғары қайта өңдеу өнімдері өндірісін ұйымдастыру ұзақ уақытты алады және елеулі шығындарды талап етеді (экспортқа арналған жоғары көліктік шығыстар, білікті мамандар мен технологиялардың жетіспеушілігі). Алайда, ол экономиканың алюминий өнімдеріне деген қажеттілігін ескере отырып, өзін толығымен өтейді.

Қазақстан Республикасының аумағында машина жасау мен электрондық өнеркәсіптің әлемдік алыптары үшін жиынтықтауыштар мен бөлшектер өндірісін ұйымдастыру перспективалы болып табылады. Сонымен бірге, өндірісінде алюминий компоненттері маңызды рөл атқаратын дамушы салалар өнімдерінің құрамдастары: IT өнімдері, электромобильдер және жасыл технологиялар.

 

Қазақстанды алюминийдің жоғары өңделген өз өндірісімен қамтамасыз ету қажет, себебі қазірдің өзінде еліміз негізгі үлесі алюминийден жасалған (импортталатын) бөлшектер алып отырған өнімді белсенді экспорттайды:

- Жеңіл автомобильдер – автомобильдердің экспорты 2020 жылдың 10 айында 98 млн. АҚШ долларын (5 422 дана) құрады, бұл 2019 жылдың 10 айымен салыстырғанда 2,7 есе көп,

- Жылжымалы құрамның бір бөлігі – экспорт 2020 жылдың 10 айында 88,9 млн. АҚШ долларын құрады, 2019 жылдың 10 айына өсім – 82,3%.