ҚР СИМ Тәуелсіздік күнін мерекелеу өтті

ҚР СИМ Тәуелсіздік күнін мерекелеу өтті

Әрбір ұлт үшін Тәуелсіздік күні - ерекше мереке. Қазақстанда бұл күн жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі.

Мереке қарсаңында 2020 жылғы 15 желтоқсанда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен ZOOM платформасында онлайн-режимде Министрлік қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Министрліктің басшылығы, орталық аппарат, аумақтық департаменттер, ведомстволық бағынысты ұйымдар, сондай-ақ Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Д.В. Степанцев қатысты.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысы Жәнібек Нөпіров іс-шараның модераторы болды. Ол ағымдағы жылы Министрлік жұмысының бағыттарының бірі мемлекеттік органның ашықтығы болғанын атап өтті. Жұртшылықпен кездесулер, СИМ Қоғамдық кеңесінің отырыстары өткізілді, сондай-ақ IX Азаматтық форумда ҮЕҰ-мен салалық кездесуге қатысты.

Өз кезегінде, ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол 29 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі "Мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы" Заң қабылдағанын еске салды.

"Посткеңестік елдер үшін сол бетбұрыс кезеңінде біз еліміздің жолы қандай болатынын білмедік. Сол кездегі қиындықтардан аман қалған ұрпақ адамдардың қаншалықты шатасқанын растай алады. Барлығында сұрақтар болды: не істеу керек? қалай өмір сүреміз? рахмет! Өйткені, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан жаңа тарихты бастады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін қайталағым келеді. "Біз ұлт өрлеуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушылар мен ізашарларына айналдық", - деді Бақыт Сұлтанов.

Ол атап өткендей, Министрліктің алдында маңызды бастамалар тұр: сауданы дамыту жөніндегі ұлттық жоба, КТО және ҰТЖ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, цифрлық жобалар.

"Сонымен қатар, Министрлік «Акселерация» жобасы үшін 3 орынға ие болып, Шанхай көрмесіне 35 ұлттық экспорттаушының қатысуын ұйымдастырды", - деп хабарлады Министр.

Ол, сондай-ақ, тарих кез келген тәуелсіз ұлттың жетістігін мемлекеттің қалыптасу кезеңінде елдің стратегиялық бағытын айқындаған көшбасшымен байланыстыратынын атап өтті. Шынында да, тез дамып келе жатқан жас елдің іргетасы қаланған кезде, халық қолжетімді және сапалы білім, денсаулық сақтау және инфрақұрылым түрінде дивидендтер алады.

СИМ қызметкерлері де сөз сөйледі. "Болашақ" стипендиаттарының атынан және мемлекет жастарға берген мүмкіндіктері, сондай-ақ СИМ-де цифрландыру дәуірі туралы Министрліктің вице-министрі Ә.Жанасова сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық білім беру стипендиясы табысты мансаптық өсудің өзіндік кепіліне айналғанын және бұл Елбасының көреген саясатын тағы бір рет көрсетіп отырғанын атап өтті.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Қазақстан тәуелсіздігінің жаңа тарихындағы ашықтық пен "халық үніне құлақ асатын мемлекет" кезеңі туралы сөз сөйледі.

Жастардың атынан ұжымды Айдар Баспақов құттықтады – ол Назарбаев университетінің түлегі. «Еліміздің тәуелсіздік мәртебесі туралы білу бүгінгі ұрпақ үшін үлкен бақыт, ол туралы біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған,» - деді ол өзінің құттықтау сөзінде.

Одан басқа, онлайн-сессия барысында СИМ қызметкерлеріне «Туған күніңмен, мемлекет!» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы бейнеролик қойылды.

ҚР Тәуелсіздік күнінің 29 жылдығын мерекелеу шегінде Министрлік басшылығы дәстүрлі түрде ерекше еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді атап өтті.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 461 Жарлығымен экономиканы дамытуда қосқан үлесі үшін, үлгілі мемлекеттік қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен келесі қызметкерлер марапатталды:

«Ерең еңбегі үшін» МЕДАЛІМЕН

НӨПІРОВ Жәнібек Мақсұтұлы

-

Министрліктің жауапты хатшысы

БОРАМБАЕВ  Нұрлан Оралбекұлы

-

Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі

АБИШЕВ Асқар Тыныштықұлы

-

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

ҚҰЛБАТЫРОВ Нұрлан Найзабекұлы

-

 «QazTrade» ССДО» АҚ Бас директорының орынбасары

ЖАНТАСОВ Темірлан Бекетұлы

-

Экономикалық интеграция департаментінің директоры

ОЛЖАБАЕВ Қанат Жеңсікбайұлы

-

Халықаралық ынтымақтастық депратаментінің директоры

ТӨЛЕШОВ Мейірхан Бұрханбекұлы

-

Ішкі сауда департаментінің директоры

ЖАНҒАЛИЕВ Мейрамбек  Есқабылұлы

-

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы АҚ департаменті директорының орынбасары

 

Қазақстан Республикасы ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН

Мұқажанова Гүлнар Жұмағұлқызы

-

 «QazExpoCongress»ҰҚ» АҚ Бас директорының орынбасары

Аяпбергенов Мұхтар Ауезханұлы

-

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы

Томашов Ернұр Серікұлы

 

Премьер-Миниср кеңсесінің бақылау секторының басқарушысы

 

Сонымен қатар, мемлекттік қызметтегі жетістіктері үшін

Премьер-Министрдің Алғыс хатымен

Исаков Алмас Серікұлы

-

Стратегия департаментінің директоры

Хамзина Альмира Қанатқызы

-

Сыртқы сауда қызметі департаменті директорының орынбасары

Жүніс Данияр Рашидұлы

-

Ішкі сауда қызметі департаменті директорының орынбасары

Омарова Динара Серікқызы

-

Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің басқарма басшысы

Бакенова  Айгүл Тілеубайқызы

-

Министрдің көмекшісі

 

Министрдің Құрмет грамотасымен

Балгожин Жалғас Өмірзақұлы

-

Халықаралық ынтымақтастық депратаменті директорының орынбасары

Гарипуллина Дина Маратқызы

-

Сыртқы сауда қызметі департаментінің бас сарапшысы

Жанымбек Ербол

-

Заң қызметі департаментінің сарапшысы

Мұстафин Даулет Аханұлы

-

Стратегия департаментінің Стратегия басқармасының бас сарапшысы

Олжабай Арай Бауыржанқызы

-

Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы

Сатыбалдин Гафур Қажыкенұлы

-

Жұмылдыру дайындығы және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы

Тойлыбек Сәлімжан Берікболұлы

-

Цифрландыру департаментінің Цифрландыру басқармасының сарапшысы

 

Министрдің Алғыс хатымен

Әбдіғали Азамат Қайратұлы

-

Сыртқы сауда қызметі департаментінің сарапшысы

Қайрат Арайлым Қайратқызы

-

Экпортты ілгерілету департаментінің сарапшысы

Теміров Жандос Сәкенұлы

-

Экономикалық интеграция депратаментінің сарапшысы