
«2026 жылдың қаңтарынан бастап, тамыз айына дейін Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1 120,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда салыстырғанда 19,3%-ға артық».
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Швейцария Конфедерациясының Елшісі Кристина Хонеггер ханыммен кездесуінде мәлімдеді.
Аталмыш жиын Министрдің Швейцария Конфедерациясына алдағы жұмыс сапары аясында өтті. 22-ші қазан күні Берн қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 12-ші отырысы өтпек. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ өзара сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Биылғы жылдың 8 айының ішінде Қазақстанның Швейцарияға экспорты 15,4%-ға өсіп, 820,5 млн долларға жетті.
Министрдің сөзінше, Қазақстан Швейцарияға өңделген өнім экспортын 30 позиция бойынша арттыра алады. Соның ішінде ең перспективті бағыттар - металлургия, тамақ өнеркәсібі, мұнай-химия, машина жасау және химия салалары. Оның ішінде алюминий, болат прокаты, ферроқорытпалар, күнбағыс майы, ұн, макарон және кондитерлік өнімдер туралы сөз қозғалды.
Өз кезегінде Швейцария Елшісі Кристина Хонеггер Министрдің ұстанымын қолдап, швейцариялық тараптың екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Айта кетейік, Швейцария Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі: соңғы 20 жылда инвестиция көлемі 36 млрд доллардан асты. Бүгінде елімізде швейцариялық капиталы бар 400-ге жуық компания жұмыс жасайды.