Осы арқылы азаматтардың назарына Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығына «Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын, сондай-ақ Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін бекіту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» бөліміндегі «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылғанын хабарлаймыз (бұдан әрі – Бұйрық жобасы).
Бұйрық жобасында тауарлардың ОКТРУ-дағы негізгі сипаттамаларын ескеру арқылы тауарларды жіктеу мен сәйкестендірудің дәлдігін арттыру, сондай-ақ оларды сипаттауға бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету көзделеді.
Сонымен қатар тиісті өзгерістер қолданысқа енгізілген сәттен бастап реттелетін сатып алуларды жүзеге асыру кезінде тауарлардың негізгі сипаттамаларын қолдану ұсынылады. Бұл сатып алу нысанасын неғұрлым дәл айқындауға және тауарларға қойылатын талаптардың біркелкілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Барлық мүдделі тараптар төмендегі сілтеме арқылы өтіп, жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15902172.
Осы жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 3 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейінгі кезеңде өтеді.