2026 жылғы 20 тамызда Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Заң департаментімен бірлесіп «Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қатынастардағы мінез-құлқына қойылатын негізгі талаптар, әріптестерге құрметпен қарау және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Басшының қауіпсіз еңбек жағдайларын және қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық нормаларын сақтау және жұмыста да, жұмыстан тыс уақытта да заң және тәртіп қағидаттарын ілгерілету мәселелері қаралды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелеріне баса назар аударылды. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысының алдын алу, бизнес өкілдерімен әдепті өзара қарым-қатынас жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды.
Бұдан басқа, еңбек тәртібін, белгіленген жұмыс уақытын сақтау, ғимаратта және жұмыс орындарында темекі шегуге тыйым салу, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау мәселелері қозғалды.
Семинар соңында заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың маңызды шарты екені атап өтілді.