
Қостанай облысында сөре мен кассадағы бағаның сәйкес келмеу фактісі анықталды. «А-Маркет» супермаркетінде шоколад плиткасы сөреде 445 теңге деп көрсетілген. Алайда кассада тауардың бағасы 460 теңге болған.
Тексеру нәтижесінде сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс қысқартылған тәртіппен қаралып, 140 562,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұл – сауда орындарында бағаның дұрыс көрсетілуі қаншалықты маңызды екенін көрсететін мысал. ҚР СИМ Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жыл басынан бері 141 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Олардың 135-і «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағын, яғни сауда үстемесінің белгіленген мөлшерден асып кетуіне жол берген. Тағы 6 кәсіпкер сөрелерде баға белгілерінің болмауына байланысты жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік бақылау жұмысының нәтижесінде Департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетті: картоп 235 тг/кг-нан 170 тг/кг-ға дейін немесе 38,2%, пияз 330 тг/кг-нан 200 тг/кг-ға дейін немесе 65%, қырыққабат 230 тг/кг-нан 195 тг/кг-ға дейін немесе 17,9%, сәбіз 420 тг-дан 360 тг/кг дейін немесе 16,7%, "Рава" қияры 1900 тг/кг-нан 1380 тг/кг-ға дейін немесе 37,7%, "Миринда" қияры 650 тг/кг-нан 550 тг / кг-ға дейін немесе 18,2%, қызанақ 1560 тг/кг-нан 1260 тг/кг-ға дейін немесе 23,8%, алма 850 тг/кг-нан 840 тг/кг-ға дейін немесе 1,2% - ға дейін, ұн бірінші сорт 165 тг/кг-нан 144 тг/кг-ға дейін немесе 14,6% - ға дейін, жұмыртқа с-1 65 тг/данадан 60 тг/данаға дейін немесе 8,3% - ға дейін, қант 530 тг/кг-нан 490 тг/кг-ға дейін немесе 8,2%, қарақұмық 370 тг/кг-нан 310 тг/кг-ға дейін немесе 19,4%, күріш 470 тг/кг-нан 460 тг/кг-ға дейін немесе 2,2%, рожки 450 тг/кг-нан 370 тг/кг-ға дейін немесе 21,6%, күнбағыс майы 799 тг/дана 776 тг/дана дейін немесе 3%, шай 1350 тг/дана 1265 тг/дана дейін немесе 6,7%, ірімшік 4655 тг/кг бастап 4490 тг/кг дейін немесе 3,7%, айран 1 кг 2,5% май 470 тг/дана дейін 380 немесе 23,7%, тауық еті 1241 тг/кг-нан 921 тг/кг-ға дейін немесе 34,7%.
Департамент әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына сауда үстемесінің заңнамада белгіленген мөлшерден асып кетуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда.