2026 жылғы 22 шілдеде Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді.
Анықтама: Келісім Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 265-VIII ҚРЗ Заңымен ратификацияланды.
Келісімнің мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы сауданы ырықтандыру және оңайлату болып табылады.
Осы Келісімнің негізгі элементі Тараптардың әрқайсысы үшін 367 тауарлық субпозицияға қатысты импорттық кедендік баждарды жою және төмендету болып табылады, бұл тараптар арасындағы барлық сауданың 90% -. қамтиды.
Келісім автоматты түрде ұзарту мүмкіндігімен және толықметражды келісімге көшу перспективасымен үш жыл мерзімге жасалды.
Келісім шеңберінде импорттық кедендік баждарды жою және төмендету арқасында Қазақстандық бизнес Моңғолияға: астық (бидай, арпа, жүгері), құс еті, сүт өнімдері (йогурттар, ірімшік, май), бал, өсімдік майлары (күнбағыс майы), қант, шоколад-кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш өнімдері, су, шырындар, джемдер, алкоголь және темекі өнімдері және т. б., сондай-ақ металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, прокат, шыбықтар, құбырлар), трансформаторлар, көлік құралдары (локомотивтер, автомобильдер), химия өнеркәсібінің өнімдері (полимерлер, пластмассадан жасалған бұйымдар) және т.б.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы сауда байланыстарын дамытуға және нығайтуға жәрдемдеседі, сондай-ақ қазақстандық тауарларды Моңғолия нарығына жылжыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.