
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Лингвистика басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы
22 шілдеде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізілді.
Іс-шараға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қатысып, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік алды. Диагностикалық тестілеу офлайн форматта және тегін ұйымдастырылды.
Тестілеудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау, олардың тілдік құзыреттерін бағалау және мемлекеттік тілде кәсіби қызмет жүргізу дағдыларын жетілдіруге ықпал ету.
Аталған диагностикалық тестілеу нәтижелері қатысушылардың тілдік деңгейін айқындауға мүмкіндік беріп, алдағы уақытта мемлекеттік тілді оқыту және дамыту бағытындағы жұмыстарды тиімді жоспарлауға негіз болады.
Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтуі міндетті болып табылатынын атап өткен жөн.