Мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік әдеп талаптарын, ресми мінез-құлық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.

Мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік әдеп талаптарын, ресми мінез-құлық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.

2026 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкіл мен Заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен қызметтік әдеп талаптарын, ресми мінез-құлық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің ресми мінез-құлқына қойылатын негізгі талаптар түсіндіріліп, сөйлеу мәдениетін сақтау, іскерлік қарым-қатынас жасау және сыртқы келбетке қойылатын талаптар жөнінде ақпарат берілді.

Этикалық стандарттарды сақтау, құмар ойындарға қатысуға жол бермеу, белгіленбеген орындарда темекі шекпеу, қоғамдық орындарда масаң күйде болмау, сондай-ақ азаматтар мен әріптестерді саяси, діни және өзге де ұйымдардың қызметіне тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар кемсітушілік пен сексуалдық қысым көрсетуге жол бермеу, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық нормаларын сақтау және қызметтік ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бөлімде мүдделер қақтығысының алдын алу, заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді сақтау, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу талаптары түсіндірілді.

Осындай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.