Анонс

Анонс

Ағымдағы жылғы 24 қарашада сағат 17.00-18.00 Сауда және интеграция министрлігі Азаматтық қоғамдастықтар өкілдерін Бақыт Сұлтановтың ҮЕҰ өкілдерімен салалық кездесуіне қатысуға шақырады.

 

Кездесу онлайн режимінде Қазақстанның IX Азаматтық форумы «Қоғам және мемлекет: серіктестіктің 30 жылы мен #Birgemiz дамыту» алаңында өтеді.

 

«Саудадағы бастамалар: себептері мен пайдасы» деп аталатын кездесу барысында Сауда және интеграция министрлігі әлі де пікірталас тудыратын мәселелерді талқылауды ұсынады, сондықтан түсіндіруді және байланыс түйіндерін іздеуді талап етеді. Министр барлық қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ мемлекеттік қолдау аясында тауар өндірушілерде бүгінгі таңда қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы айтып береді:

 

Экспорт (экспорттаушыларға шығындарын өтеу; экспорттық сақтандыру; экспорттық акселерация бағдарламасы; Alibaba халықаралық маркетплейсімен ынтымақтастық)

Ұлттық тауар өткізу жүйесі (ҰТЖ) (көтерме-тарату орталықтарының (КТО) жұмыс істеуі мен қызметінің негізгі қағидаттары; болжанатын әсерлер; АӨК субъектілері мен халық үшін жаңа мүмкіндіктер)

Тауарларды таңбалау (отандық бизнесті қолдау шаралары; таңбалауды енгізу негіздері; таңбалау жалпы әлемдік тренд ретінде; таңбалау:ол не береді?; халықаралық тәжірибе; тұтынушылар үшін пайда)

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау (қоғамдық ұйымдарды қауымдастыққа біріктіру; тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу; тұтынушылық шағымдарды қабылдау жөніндегі электрондық платформа).

 

Сілтеме WhatsApp байланыс телефондары арқылы жіберіледі,                     сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің Facebook парақшасында орналастырылады.

 

Ұйымдастыру сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 701 01 34.

Zoom-ға қосылу бойынша мына телефон арқылы қоңырау шалуға болады: +7 701 998 8853.