Министрлікте мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеу мәселелері бойынша семинар өтті

Министрлікте мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеу мәселелері бойынша семинар өтті

2026 жылғы 25 маусымда Министрлікте Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Лингвистика басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» атты семинар өтті.  Семинарға барлық құрылымдық бөлімшелерден қызметкерлер қатысты.

Семинарды өткізу мақсаты Министрлікке жаңадан келген қызметкерлерге мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктерін түсіндіру,  әдістемелік көмек көрсету болды.

Мысалдар келтіре отырып дайындалған материалдар слайд түрінде көрсетілді және қосымша түсініктемелер берілді. 

Қызметкерлер «Kahoot» бейнеойынында тестілік тапсырмалар орындау арқылы семинарда алған білімдерін қорытындылап, өздерінің мемлекеттік тілді білу дәрежесін көрсетті.

Тіл – ұлттың құндылығы, мемлекеттің тұғырлы тірегі. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында мұндай шаралар алдағы уақытта да белсенді түрде өткізілетін болады.