ҚР Сауда және интеграция министрлігінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай марапаттау рәсімі өтті

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай марапаттау рәсімі өтті

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен салтанатты шарада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік марапаттарды табыстады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен Экономикалық интеграция департаментінің директоры Қаусан Нұрислам Марксұлы, осы департамент директорының орынбасары Махамбетжан Айдана Қалыбайқызы, Индустриялық және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Байматов Темірлан Назарұлы және Сыртқы сауда қызметі департаменті Кедендік-тарифтік реттеу басқармасының бас сарапшысы Сапина Гаухар Талапқызы марапатталды.

Арман Шаққалиев өз сөзінде қызметкерлердің Еуразиялық экономикалық форумды нәтижелі өткізгені үшін атқарған ауқымды жұмыстарын ерекше атап өтті. Мереке аясында Аслан Жылқайдарұлы Шоров, Диляра Саматқызы Қайратова, Дінмұхамедәлі Мұхтарұлы Әсілбек, Самал Қайратқызы Айтбай, Салтанат Сағиева, Карина Төреханова, Ақиқат Әлібекқызы Рамазанова, Дәулет Жұмаханұлы Өтенов, Әсел Тұяққызы Исабекова, Карина Науразбайқызы Тайкенова, Әсел Қарамырзақызы Рахымжанова және Әділбек Жарқынұлы Дәулетбек сынды қызметкерлер Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шара барысында Арман Шаққалиев мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлердің ата-аналарына ерекше алғыс білдіріп, оларды мерекемен құттықтады. Министр лайықты ұрпақ тәрбиелеп, мемлекет игілігі жолында қызмет етіп жатқан азаматтарға қолдау көрсеткен ата-аналардың рөлі өте маңызды екенін жеткізді.