
Мемлекеттік қызметке әртүрлі адамдар келеді. Біреулер үшін бұл – мамандық, ал енді біреулер үшін – қоғамға нақты пайда келтіру мүмкіндігі. Хайдар Шәкәрім Айдосұлы дәл осындай екінші санатқа жатады. Ол Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы.
Өзінің еңбек жолын ол 2022 жылы жастар тәжірибесінен бастады. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде жас маманнан бас сарапшыға дейінгі жолдан өтті. Мұндай нәтижеге еңбекқорлығының, жауапкершілігінің және үнемі дамуға деген ұмтылысының арқасында қол жеткізді.
Қазіргі уақытта Шәкәрім тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен тікелей байланысты мәселелермен айналысады. Ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлейді, заңнама нормалары мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін халыққа түсінікті түрде түсіндіреді.
Оның басты қасиеттерінің бірі – адамдармен жұмыс істей білуі. Өз қызметінде ол қойылған міндеттерді сапалы орындап қана қоймай, азаматтарға шын мәнінде көмектесетін шешімдерді табуға ұмтылады. Әріптестері оның ашықтығын, ізгі ниетін және кез келген жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін ерекше атап өтеді. Ол адамдарды тыңдай да, түсіне де біледі, қарапайым азаматтардың мәселелеріне шынайы жанашырлық танытады және мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – қоғам мүддесіне қызмет ету деп есептейді.
Оның құндылықтар жүйесінде адалдық, мейірімділік, әділдік және адамдарға деген құрмет ерекше орын алады. Дәл осы қағидаттар оған әріптестерімен де, азаматтармен де сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Бос уақытын Шәкәрім отбасысы мен достарының ортасында өткізгенді жөн көреді. Шахмат пен ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақты ұнатады. Бұл ойындар стратегиялық ойлауды дамытуға және ең күрделі жағдайлардың өзінде шешім таба білуге көмектеседі.
Бүгінде Хайдар Шәкәрім Айдосұлы сияқты жас мамандар мемлекеттік қызметтің жаңа келбетін қалыптастыруда – ашық, білікті және адамға бағдарланған мемлекеттік қызметтің. Қаралған әрбір шағымның, өтініштің немесе мәселенің артында нақты адамдардың тағдыры мен мүддесі тұр. Бәлкім, сондықтан да Шәкәрім өз жұмысында құжаттар мен сандарды емес, ең алдымен адамды көруге тырысады. Оның мемлекеттік қызметтегі таңдаған жолының басты мәні де осында.