Жария талқылау туралы

Жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында Қытай Халық Республикасынан шыққан ұшқынмен тұтанатын оталдыру шамдарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі бұйрығы жобасының (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Бұйрық жобасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ұшқынмен тұтанатын оталдыру шамдарына қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 46 шешіміне сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасының негізгі мақсаты – сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында Қытай Халық Республикасынан шыққан ұшқынмен тұтанатын оталдыру шамдарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу болып табылады.

Жоба   19.06.2026 ж. бастап   7.07.2026 ж. дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылануда (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15842707 ).