Мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, қызметтік әдеп нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.

Мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, қызметтік әдеп нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.

2026 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкіл мен Заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге заңнамада белгіленген шектеулер мен талаптар, оның ішінде құмар ойындарға қатысуға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу және өзге де шектеулер түсіндірілді.

Іс-шара барысында қызметтік мінез-құлықтың іскерлік стилін сақтау, әріптестермен және азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасау, сондай-ақ еңбек ұжымында кемсітушілікке, сексуалдық сипаттағы қысым көрсетуге және әдепке жат өзге де әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға діни наным-сенімдерді таңуға және қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол берілмейтіні туралы талаптар қосымша түсіндірілді.

Сонымен қатар, белгіленбеген орындарда темекі шегуге тыйым салу, еңбек режимін сақтау (оның ішінде ресми түрде шығарылған бұйрықсыз демалыс күндері мен жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыс орнында болуға жол бермеу) мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша ұжымда өзара құрмет, адалдық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарына негізделген ахуалды қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.