
Осы арқылы «Электрондық үкімет порталының» «Ашық Үкімет», «Ашық НҚА» бөлімдерінде жария талқылау үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасы жарияланғанын хабарлаймыз.
Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрықтың «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы», сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуын көздейді, себебі ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 169-НҚ бұйрығы қабылданды.
Барлық мүдделі тараптар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15834044