Жария талқылау туралы

Жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау және оны енгізу күнін белгілеу туралы» бұйрығының күшін жою туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау және оны енгізу күнін белгілеу туралы» жаңа бұйрықты әзірлеуіне байланысты, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау және оны енгізу күнін белгілеу туралы» бұйрығы күшін жойды деп танылуға тиіс.

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық базаны келтіру.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аталған бұйрық жобасын ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында 2026 жылдың 25 мамыры мен 2026 жылдың 10 маусымы аралығында жариялап, оны көпшілік талқылауды қамтамасыз етеді. Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15833934