Жария талқылау туралы

Жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №909 «Аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғаларды аккредиттеу кезінде өлшемдердің метрологиялық қадағалануын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі бұйрығының жобасын қоғамдық талқылауға шығарады.

Енгізілетін өзгерістер мемлекеттік эталондарды сақтау және жетілдірумен байланысты жұмыстарды нақтылауға, эталон арқылы жаңғыртылатын және (немесе) сақталатын шама бірлігінің мөлшерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік эталондарды қолдау мен дамытуға жауапты ғалым-сақтаушылардың құқықтық мәртебесін нақтылауға бағытталған.

Аталған толықтыру өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы нормаларды өзектендіруге арналған.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылды. Онда барлық мүдделі тұлғалар құжатпен танысып, өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады (Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15826502 ).