Жария талқылау туралы

Жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №909 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарады. Аталған бұйрықпен аккредиттеу субъектілері мен аккредиттеу рәсімінен өтетін заңды тұлғалар үшін өлшемдердің метрологиялық қадағалануын қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізу көзделген.

Түзетулер аясында мәліметтерді электрондық форматта алмасу тетігі енгізіледі. Бұл ұйымдарға ақпаратты цифрлық жүйелер арқылы тікелей жолдауға мүмкіндік беріп, деректерді ұсыну үдерісін жеделдетеді әрі әкімшілік жүктемені азайтады.

2023–2029 жылдарға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту, цифрлық трансформация тұжырымдамасына сәйкес қызметтерді проактивті түрде көрсету, артық мәлімет жинау тәжірибесінен бас тарту және кезең-кезеңімен цифрлық сервистерге көшу көзделген. Бұл өз кезегінде өзара іс-қимылды жеңілдетіп, қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы 14 мамыр мен 1 маусым аралығында «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланды. Барлық мүдделі тараптар құжатпен танысып, өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15826518 ).