
Жұмыс сапары аясында Айдар Ахметбекұлы өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, бірқатар өндіріс орындарын аралады, сондай-ақ «Ауыл Береке Көтерме» орталығының жұмысымен танысты.
Кездесу барысында сауда саласын дамыту, отандық өнім өндірушілерін қолдау, цифрлық шешімдерді енгізу және экспорт көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.
Вице-министр «Сәуле» кондитер фабрикасы» ЖШС, «Полиэтилен Агро» ЖШС және «Rano comfort service» ЖШС кәсіпорындарын аралап, олардың жұмыс барысымен танысты. Аталған кәсіпорындар ішкі нарықты өніммен қамтып қана қоймай, өз тауарларын шетел нарығына да экспорттап келеді.
Сапар қорытындысында вице-министр Жамбыл облысында өнеркәсіп саласының қарқынды дамып келе жатқанын әрі өңірдің инвестициялық әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
Бүгінде аймақта жүзеге асып жатқан жобалар нақты нәтиже беруде: экспортқа бағытталған өнім түрлері артып, жергілікті өндірушілердің ТМД және алыс шетел нарықтарындағы бәсекеге қабілеті күшейіп, жаңа жұмыс орындары құрылуда.
Министрлік алдағы уақытта да мұндай бастамалардың ауқымын кеңейтуге қолдау көрсетуге дайын.