Қоғамдық қабылдау: ЕАЭО және ДСҰ аясында қазақстандық тамақ өнеркәсібі мүдделерін қорғау

Қоғамдық қабылдау: ЕАЭО және ДСҰ аясында қазақстандық тамақ өнеркәсібі мүдделерін қорғау

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысуы және Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелігі мәселелері бойынша Қоғамдық қабылдаудың кезекті отырысы өтті. Вице-министр Ж.С. Кушукованың төрағалығымен еткен отырыс бизнес-қоғамдастықтың өзекті сауалдарын жедел шешуге бағытталған ашық диалог алаңына айналды.

Отырыста халықаралық және интеграциялық келісімдер аясында қазақстандық тамақ өнеркәсібі мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кәсіпкерлер импортталатын өнімдердің міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ету, оның ішінде «көлеңкелі» импорттың жолын кесу, импорттық кедендік баж мөлшерлемелерін төмендету, отандық өнімдерді шетел нарықтарына ілгерілету, сондай-ақ шет мемлекеттермен екіжақты негізде шешуді талап ететін мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Мемлекеттік органдар ЕАЭО мен ДСҰ нормалары бойынша өзекті ақпарат ұсынып, көтерілген ұсыныстарды пысықтау тетіктеріне қатысты түсіндірме берді. Жекелеген мәселелер ЕАЭО алаңында және екіжақты форматтарда талқылауға шығарылатын болады.

Кездесуге салалық министрліктердің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Абай, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктері мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтай отырысында аталған жұмыстарды жүргізуді тапсырғанын атап өткен жөн.

2020 жылдан бері Қоғамдық қабылдау кәсіпкерлер үшін сыртқы саудадағы жүйелі кедергілерді тікелей көтеріп, ЕАЭО және ДСҰ интеграциялық үдерістері аясында түсіндірме ала алатын тиімді алаң ретінде қызмет етіп келеді.

Сауда және интеграция министрлігі сыртқы экономикалық қызмет жағдайларын жақсарту және отандық өнімдерді сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында мемлекеттік органдармен және бизнес өкілдерімен бірлескен жұмысты жалғастырады.