Alibaba.com платформасында «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттар ұсынылатын қазақстандық ұйымдарды іріктеу қорытындылары шығарылды

Alibaba.com платформасында «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттар ұсынылатын қазақстандық ұйымдарды іріктеу қорытындылары шығарылды

Құрметті кәсіпкерлер!

ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade Alibaba.com платформасында «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттар ұсынылатын қазақстандық ұйымдарды іріктеу қорытындыларын қуана хабарлайды.

2020 жылдың қазан айында export.gov.kz порталында іріктеуге қатысу үшін қазақстандық компаниялардан өтінімдер қабылданды.  Іріктеуге қатысуға 100-ден астам электрондық өтінім берілді және өңделді. Құжаттар Іріктеу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қаралды.

Іріктеу нәтижелері бойынша бағалау кезеңінен өткен Alibaba платформасында «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттар ұсынылатын 50 қазақстандық ұйымнан (тауар өндірушілер мен сауда компаниялары) тізім қалыптастырылды. Бұдан басқа, резервтік ұйымдардың тізімі қалыптастырылып, оған 24 компания кірді.

Іріктеуден өткен ұйымдарға сервистік қолдау көрсете отырып, «Alibaba.com» халықаралық электронды сауда платформасында 12 айға «Gold Supplier» аккаунтары беріледі.

Ұйымдарды «QazTradе» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамымен үш жұмыс күн ішінде Шартқа қол қоюға шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефоны арқылы хабарласыңыз: +7 777 999 94 73, +7 701 720 59 23.