Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанның бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін жетілдіруде

Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанның бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін жетілдіруде

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне (ИАЖ, ЕАЭО) кешенді техникалық сараптама жүргізу жөніндегі орындаушыны айқындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдауды бастады.

ИАЖ мемлекетаралық деректер мен электрондық құжаттар алмасуды қамтамасыз етуге арналған және ЕАЭО үшін ауқымды жоба болып табылады.

Бұл жұмысқа қатысу IT – компанияларға халықаралық нарыққа шығуға, өз әлеуетін ашуға және беделін арттыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 19 мамырда өткен Мемлекет басшыларының отырысы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев ИАЖ-ды іске қосу бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Осы мақсатта ЕЭК Кеңесі кешенді техникалық сараптама жүргізу туралы өкім қабылдады.

Кешенді техникалық сараптама шеңберінде Орындаушы жүйелік-техникалық инфрақұрылым, жобалық басқару бөлігінде ИАЖ ауқымды аудитін, сондай-ақ құқықтық актілерге талдау жүргізуі қажет.

Кешенді техникалық сараптама ИАЖ әлсіз жерлерін анықтауға, қол жеткізілген нәтижелерді талдауға және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша жаңа тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кешенді техникалық сараптаманың нәтижелерін ЕЭК Кеңесі 2021 жылғы 1 тоқсанның соңында қарайды деп жоспарлануда.

Конкурс екі кезеңнен тұрады, оған ЕАЭО – ға мүше барлық мемлекеттердің ұйымдары қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2020 жылғы 13 қарашаға дейін қабылданады.

Конкурс туралы неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат сілтеме бойынша немесе ЕЭК ресми сайтының «Сауда-саттық» бөлімінде қолжетімді.