Күшті өңірлік тауар-шикізат биржасын құру туралы

Күшті өңірлік тауар-шикізат биржасын құру туралы

2026 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен күшті өңірлік тауар-шикізат биржасын құру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ тауар биржаларының қатысушылары қатысты. Ұйымдастырылған сауданы дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сауда-клирингтік инфрақұрылымды дамыту және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету, отандық өндірушілердің саудаға қолжетімділігін кеңейту және өткізу арналарының тұрақты жүйесін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Күшті өңірлік тауар-шикізат биржасын құру экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, Қазақстанның сауда хабы ретіндегі позициясын нығайтуға, сондай-ақ халықаралық тауар нарықтарына интеграцияны кеңейтуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша биржалық сауданы одан әрі дамыту және реттеудің тиімділігін арттыру жөнінде практикалық ұсыныстар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі ашық әрі бәсекелі биржалық ортаны қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.